• +99899 8180809
  • +7 701 5268002
  • +99899 8180809
  • +7 701 5268002
  • Сату мониторингі

      Сатылымдар жүйесінің тағы бір бөлігі - сатылымды қадағалау (мониторинг). Сатылымдар қалай жүреді?

      Сіздің тапсырмаңызды қанша сатушы орындайды, ал әрең жұмыс істеп жатқан сатушы қанша?

      Пайдаңыздың негізгі бөлігін айқындайтын 20 %-ын құрайтын сатып алушылар кімдер (Парето принципі – ірі сатып алушының 20 %-на ұсақ және кездейсоқ сатып алушының 80 %-ы тура келеді)?

      Сіздің сатушылардың уақыты қалай шығындалады? 

      Ең бастысы – сіз көз жұма отырып жұмыс істемейсіз. Сіздің деректеріңіз бар, бұл өте маңызды. Бұл деректерді талдап, не істеуге болады?

      Бұның барлығы біздің "Smartup Trade" шешімімізді ұсына алады, сіздің сатылымдарыңыз туралы хабардар болыңыз.

  • Клиенттер базасы

      Клиенттер базасы – кем дегенде, компания бизнесінің тұрақтылығын дамытуға және қолдауға арналған құрал-сайман. Бұл іс жүзінде әрекет ететін, тиімді болып саналатын, бизнесті басқаруға арналған аздаған құрал-саймандарының бірі болса керек. Smartup Trade бағдарламасындағы толыққанды клиенттер базасы менеджерге көмектесу мүмкіндіктерінің көп санын, сатылымдар тарихын, ең көп сатып алатын өнімнің статистикасын, берешекті және бір электрондық кестедегі тағы басқасын қамтиды.

  • Бөлшек сауда аудиті

      Шығындарды азайтып, бөлшек сауда стандарттарыңыздың сақталуын бақылағыңыз келсе, онда бөлшек сауда нүктелерінің аудиті сияқты құрал-сайманды қолданғаныңыз жөн. 

      Бөлшек сауда аудиті көбінесе үш жағдайда керек.

      Біріншіден, дамып келе жатқан, бірақ өсу әлеуеті әлі іске асырылмаған бөлшек сауда операторларына. Әдетте, оларды сауда кеңістігін оңтайландыру, қызметкерлер құрамы жұмысының тиімділігін арттыру, шығындарды азайту, қоймадағы босалқы қормен жұмысты жақсарту мәселесі қызықтырады.

      Екіншіден, тоқырап жатқан босалқы сауда бизнесіне. Әдетте, бұл әкімшілік аппараты шектелген шағын (8-10 дүкенге дейін) бөлшек сауда желілері. Көбінесе, оларға қоймадағы босалқы қорларды қайта құрылымдағыда, қызметкерлер құрамын ынталандыруда және бөлшек сауда өкілдігінің сапасын бақылауда көмек керек.

      Үшіншіден, ірі бөлшек сауда желілеріне. Оларды әдетте қызметкерлер құрамы (сатушылар, мерчандайзерлер, әкімшілер) жұмысының сапасын бағалау, КРІ-мен жұмыс (орташа чек, қызмет көрсету коэффициенті, келушілерді қамту коэффициенті, ауданның шаршы метрінен сату), сауда нүктелерінде брендке өкілдік ету сапасы қызықтырады.

      "Smartup" БК-де бөлшек сауда аудитін пайдаланыңыз

  • Ақпараттық қауіпсіздік

      Рөлдер бойынша қолжетімділік

      Рөлдер негізінде қолжетімділікті басқару – қолжетімділікті таңдаулы түрде басқару саясатын дамыту, бұл арада жүйе субъектілерінің объектілерге қол жеткізу құқықтары оларды қолдану ерекшелігін ескере отырып топтастырылады да, рөлдерді құрады.

      Рөлдерді құру, компьютерлік жүйенің пайдаланушылары үшін айқын және түсінікті болып табылатын қолжетімділікті шектеу ережелерін анықтауға арналған. Қолжетімділік рөлдерін айырудың арқасында, компьютерлік жүйенің жұмыс істеуі барысында серпінді түрде өзгеріп тұратын, икемді болып табылатын қолжетімділікті шектеу ережелерін іске асыруға мүмкіндік береді.

      "Smartup" бағдарламалық кешенінде рөлдер бойынша икемді теңшелім бар. Әрбір рөл пайдаланушының бөгде модульдерге рұқсатсыз кіруіне жол бермейтін бағдарламаны пайдаланудың теңшелетін шектеріне негізделеді.

      Құпиялылық

      Құпиялылық – қандай да бір ақпаратты, бір нәрсені рұқсат етудің алдын алу қажеттілігі. "Smartup" БК саясаты, ең алдымен, біздің клиенттеріміздің құпиялылығы мен ақпаратын қорғауға негізделген.

  • Қоймадағы қимылдар

      Тауарлар - бұл қайта сату мақсатымен сатып алынатын материалдық-өндірістік қорлардың бөлігі. Кәсіпорында материалдық-өндірістік қорлардың қозғалуы тауарлардың келуі, жылжуы, өткізілуі немесе өндіріске жіберілуі бойынша операцияларды жүргізген кезде болады.

      Біздің әзірлеме - Smartup бағдарламасы есепке алу құжаттарын автоматты түрде жасауға, қызметкерлердің қателерін болдырмай, тауарларды толыққанды есепке алуға мүмкіндік береді. Ескішілдікке негізделген жұмысты ұмытыңыз және сіздің бизнес үшін жаңа және жасампаз шешімдерді іздеу үшін уақытыңызды босатыңыз.

      Қоймалық есепке алу үшін Smartup мүмкіндіктері

      • Сату қарқынын, жеткізу тәсілдерін, жеткізушілердің тапсырыстарды орындау уақытын, төмендетілмейтін қалдықтарды ескере отырып қорларды жоспарлау
      • Қоймалардың алуан түрлерін жүргізу мүмкіндігі: бөлшек сауда, көтерме сауда, транзиттік, жеке қажеттілік үшін, жауапты сақтау және т.б.
      • Жеткізуші, топтама, сериялық нөмір, штрихкод бойынша тауарды іздеу
      • Бөлек қоймалар немесе қойма топтары бойынша қалдықтарды бақылау
      • Сақтау мерзімдерін бақылау

       
      «Smartup» БК-мен жұмысты бастау үшін көп уақыт қажет емес, тек демо-нұсқаға сұрауды рәсімдеңіз және тіркелгіңізге кіру үшін сілтемені алыңыз. Тегін тарифтің атқарымы шектелмеген. Қалаған кезде, кәсіптік тарифке көшіп, пайдаланушылар санын арттыра аласыз.

      Уақытты босқа кетірмеңіз! Smartup бағдарламасында дәл қазір жұмысты бастаңыз!

  • KPI (тиімділіктің өзекті көрсеткіштері)

      Сауда саласындағы тиімділіктің өзекті көрсеткіштері дегеніміз не деген сұраққа былай деп жауап беруге болады: бұл бизнестің өсу деңгейін қадағалауға көмектесетін көрсеткіштер. Олар материалдық және материалдық емес болуы мүмкін. Олар көбінесе бизнестің қызметін ұзақ мерзімді негізді бағалау үшін қолданылады. Оларды үнемі қолданып тұру керек.

      Бизнес түрлі шарттарда жұмыс істеуі мүмкін, бірақ әрбір жерде қолданыла алатын әмбебап КРІ бар. Олар өзінің мақсатты арналымына сай бөлінеді:

      • Сату деңгейі.
      • Ықтимал залалдың алдын алу.
      • Тауарлардың болуы.
      • Қызметкерлердің жалақысы.
      • Клиенттерге қызмет көрсету сапасы.
      • Жұмыскерлерді оқыту.
      • Қосымша шығындар.

      Көрсеткіштерді анықтау басшылыққа ең дұрыс және тиімді бағытты таңдауға мүмкіндік береді. Бұл, дүкенде сату тиімділігін дәлме-дәл өлшеуге көмектесетін бірегей құрал-сайман.

      • Бұл көрсеткіштердің мақсаты:
      • Кәсіпкер олардың көмегімен тұтас бөлімнің де, жеке қызметкердің де жұмысын бағалай алады.
      • Компанияның мықты және әлсіз тұстарын көрсетеді.
      • Сатушыларды ынталандыруға көмектеседі.
      • Қызметкерлер арасында міндеттерді нақты бөлуге ықпал етеді.
      • Таңдалған даму стратегиясы арқасында компания тиімді жұмыс істей бастайды

      Smartup бағдарламасымен бірге, икемді KPI орнатыңыз.

  • Жоспарлау және есеп менеджері

      Барлығымызға міндетті түрде «тағы бір сағат» жетпейді емес пе? «Әрқашан қолым бос емес, бірақ еш нәрсені үлгермеймін» жағдайынан шығу үшін қарапайым өзін-өзі ұйымдастыру және жоспарлау көмектесе алады. «Жоспарлау» сөзін естіген кезде еске алатын бірінші нәрсе - бұл әрине күнделік. Беттердің сыбдырының өзінен ләззат алатын кеңсешілдердің бірі болмасаңыз, сонымен қатар сөмкенің ауырлап кетуінен қорықсаңыз ше? Сіз жазбаларды қашанда қолжетімді смартфонның өзінде жүргізе аласыз.

      Бүгін біз «Smartup» БК ішіндегі жоспарларыңыз бен жазбаларыңызды ұйымдастыруға көмектесетін, біздің ойымызша, ең лайықты атқарымдарды жинадық.  Өз уақытыңызды өзіңіз басқарыңыз!

  • Мерчендайзинг

      Нарықтағы бәсекелестік күшейе түсуде. Көп және тиімді сату үшін көп күш жұмсауға тура келеді. Сауда қызметін жақсы жоспарлау үшін мерчендайзингтік ақпаратты жинау қажет. Көптеген компаниялар сауда агенттерін клиентке барған кезде құжаттарды рәсімдеумен қатар, сатуды талдау және жоспарлау үшін деректерді жинауды міндеттейді. Бұл ағымдағы қалдық, фейсинг, қалау, жарнамалық материалдардың болуы және т.б. параметрлер. Smartup Trade бағдарламасының негізгі арналымы - өтінімдерді жинауды автоматтандыру, бірақ мерчендайзингті де ұмытпадық. Бағдарламада бұны жасаудың екі тәсілі бар. Тапсырыс рәсімдеген сәтте негізгі деректі, қалдықты және фейсингті жинауға болады. Бұл негізгі параметрлер және көптеген компанияларға бұл жеткілікті. Бірақ біз онымен шектелмей, мерчендайзинг атқарымдарының кең шоғырын қостық. Мысалы Smartup бағдарламасында кез келген күрделілікті сауалнамаларды және мазмұнын жасау үшін түзеткіш іске асырылған. Smartup Trade бағдарламасымен мерчендайзингті автоматтандыру.

  • Талдау

      Натан Ротшильд өзінің бір сұхбатында «Кім ақпаратқа ие болса, әлемді сол басқарады» деген екен. Жоғары бәсекелестік жағдайында дұрыс жоспарланған стратегия — табысты бизнес құрудың негізгі құпияларының бірі. Сондықтан біз жүйеде аналитикалық блок құруға үлкен назар аудардық. Ол дұрыс талдау платформасын құру үшін бірнеше маңызды құралдарды қамтиды.

      Кез келген зерттеудің негізі – ақпарат жинау. Біз дұрыс қалдықтарды алып тастаудың маңыздылығы туралы айттық. Сауда нүктесіндегі бұрынғы сатулар мен қалдықтар туралы барлық жиналған тарих – болашақ сатуларды болжауға арналған база. Сондықтан бұл ақпарат еш жерде жойылмайды және сіз кез келген есепті кезеңде талдау үшін деректерді әрдайым ала аласыз. Бұл шығарылатын өнімнің санын сауатты бөлуге және болашақ сату көлемін жоспарлауға мүмкіндік береді.

      Сондай-ақ бәсекелестіктің сату деңгейіне әсері туралы да ұмытпау керек. Нарықтағы тұтынушылар саны шектеулі және олар үшін барлық бәсекелестер күресуге мәжбүр. Компанияның даму стратегиясы керемет жасалған болса да, бәсекелес оны өзінің жақсы ойластырылған қимылымен жойып жібере алады. Бәсекелестік талдау арқасында, компания аңдаусызда ешкімге жеп болмайтынына сенімді бола алады. Бәсекелестерді «Smartup» БК-мен талдау үшін, соңғы тұтынушылардың артықшылықтарын анықтау мақсатында оларға арналған сауалнамалардың арнайы нысандарын пайдалануға, сондай-ақ бәсекелестердің ұқсас тауарлары аясында сіздің өнімдеріңізді бағалай отырып, бөлшек аудиттің жеңілдетілген нысанын жүргізуге де болады.

      Барлық есептік нысандар компанияның тиісті бөлімдері мен қызметкерлерінің электрондық пошталарына автоматты түрде жіберілуі мүмкін. Бұл кеңседен тыс болған кезде де, әрқашан хабардар болуға мүмкіндік береді.

      Аналитикалық базаны көрнекі қарау үшін бағдарламаның басты бетіне графиктер мен диаграммалар шығарылды.

      Әрине, мұндай деректерді бір өнімге сақтау қаншалықты қауіпсіз екені туралы мәселе туындайды. Бұған ерекше мән бөлінді. Серверлерде сақталатын есептерге арналған барлық деректер қорғалған және пайдаланушы мен сервер арасында ақпарат алмасу кезінде SSL протоколы немесе VPN арнасы пайдаланылады.

  • Көпфилиалдық

      Дистрибьюторлардың көптеген компаниялары елдің барлық аймақтары бойынша филиалдардың кең ауқымды желісіне ие. Істерді жүргізген сайын филиалдар арасында жұмысты сауатты бөлу өте маңызды.

      Өзбекстанның барлық аумақтарында ұсынылған 100 адамнан көп ұтқыр қызметкерлердің штаты бар компанияны елестетіңіз. Кіріс және шығыс ақпараттың күнделікті ағыны мол. Сондықтан түсінбестікті болдырмау үшін біз көпфилиалдық жүйесін енгіздік.

      Әрбір өңір, өзінің қоймаларын, өнімдер желісін және сауда өкілдерін жүргізуге мүмкіндік беретін жеке бөлімге ие. Бұл ретте аймақ тек өз бөлігіне ғана қол жеткізе алады, бұл оператордың жұмысын жеңілдетеді.

      Бұл деректерді өңдеу үдерістерін тежемеуге және жұмысты барынша оңтайландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте бас кеңсе кез келген уақытта әрбір филиалдардың жұмысы бойынша есеп ала алады.

      Сондай-ақ филиалдар мен бухгалтерлік өзара есеп айырысулар арасында қойма қалдықтарын ауыстыру мүмкіндігі іске асырылды.

      Мұндай жүйенің артықшылықтары анық. Бұл уақыт пен жұмыс ресурстарын үнемдеу ғана емес, компанияның көптеген құпия мәліметтерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейі.

      Есепті барлық филиалдардың жұмысы бойынша да, олардың әрқайсысы бойынша да қалыптастыруға болатынын да ұмытпаған жөн

  • Бухгалтерия

      Сауда ұйымын басқару тауарлық-материалдық операцияларға байланысты және заңнамалық және нормативтік актілермен белгіленген бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін сақтауға негізделген тиімді бухгалтерлік есеп жүйесін қоймастан мүмкін емес. Бұл ережелерге төмендегілер жатады:

      тауарларды кіріске алу және есептен шығару кезінде (көтерме саудада сатып алу бағасы бойынша, бөлшек саудада сату немесе сатып алу бағасы бойынша);

      өткізуге шығару кезінде тауар қорларын бағалау нұсқасын таңдау (әрбір бірліктің өзіндік құн әдісі; орташа өзіндік құн әдісі; FEFO әдісі; LEFO әдісі);

      «Материалдық құндылықтарды дайындау және сатып алу» 15-шотын қолдана отырып және қолданбай, тауарлық-материалдық құндылықтарды (ТМҚ) сатып алу үдерісін бухгалтерлік есептілікте айқындау тәртібін анықтау;

      айналымдағы негізгі құралдар мен еңбек құралдары арасында шекара белгілеу;

      ТМҚ және міндеттемелерге түгендеу жүргізу жолымен бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есептілік деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету, оның барысында олардың бар-жоғы, жай-күйі және бағасы тексеріледі және құжатпен расталады. Бұл ретте ТМҚ түгендеуді жүргізу тәртібі мен мерзімдері белгіленеді;

      бастапқы құжаттардың үлгілік нысандары көзделмеген, ТМҚ қозғалысымен байланысты шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандарын, сондай-ақ ішкі бухгалтерлік есептілік үшін құжаттардың нысандарын әзірлеу;

      ТМҚ сақтау үшін материалдық жауапкершілікті шектеу және материалдық жауапкершілік туралы шарттарды уақытында жасасу.

      Сауда кәсіпорнындағы бухгалтерлік есеп — оның экономикалық саясатын қалыптастырудың маңызды буыны, бизнес құралы, сауда процесін басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол жедел және ұзақ мерзімді жоспарлауды жетілдіруге, сондай-ақ шаруашылық қызметті талдау және оның қаржылық нәтижесін болжау үшін ақпараттық базаны қалыптастыруға ықпал етеді, кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жай-күйінің толық көрінісін ұсынуға мүмкіндік береді.

      Осыны және тағы басқаны "Smartup" БК-нен таба аласыз. Қосылыңыз және қолданыңыз

  • Уақытты бақылау

      Дистрибьюциямен айналысатын компания үшін жедел жұмыс қаншалықты маңызды екенін айтпауға болады. Біздің клиенттеріміздің сауалнамасы бойынша, "Smartup" БК-ін пайдалану оператор тарапынан тапсырысты өңдеу уақытын орташа есеппен 40%-ға қысқартуға және сауда өкілі тарапынан аумақты қамтуды 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

      Сауда өкілінің бір жұмыс күні мысалында осы барлық артықшылықтарды егжей-тегжейлі талдайық.

      Smartup қолданбасымен сауда агенті кеңсеге дейінгі уақытын үнемдеп жұмыс күнін тікелей «далаларда» бастай алады, себебі бір күндік дайын бағдарлық графигі әлдеқашан оның графигіне жүктелген. Келу жоспарын телефон арқылы сауда өкілі де, бағдарламаның әкімшілік панелі арқылы оператор да құрастыра алады. Екі әдіс те бірнеше минутқа созылады. Бұл ретте бағдар оңтайландырылған және агенттің қолында әрқашан анағұрлым ыңғайлы бағдарлы графикті жасай алуы үшін сауда нүктелері бар кіріктірілген картасы бар.

      Сонымен, келу жоспарын анықтадық, енді нүктеге баруға тоқтайық. Біз, пункттерді толтыру үшін көп уақыт кетпеуі үшін барынша қарапайым және ыңғайлы интерфейс жасауға тырыстық. Мысалы, бағдарламада оператор мен агентке әрбір сапар кезінде жиі қайталанатын түсіндірмелерді жазбау үшін қажеттісін бар болғаны таңбамен белгілеу қажет болатын түсіндірмелердің стандартты түрлері бар. Қалдықтар модулі де, жарнамалық жабдықтың, промо-өнімнің және бөлшек аудиттің мониторингі бойынша модуль де бірнеше рет басу арқылы толтырылады. Сондай-ақ үлкен тізімдермен жұмысты жылдамдату үшін, біз барлық ықтимал параметрлер бойынша сүзгілеу жүйесін енгіздік, бұл да уақытты үнемдейді. Ең соңында, тапсырысты қабылдау кезінде бағдарлама барлық деректерді өзекті бағалар мен тіпті жеңілдіктерді ескере отырып автоматты түрде есептеп қана қоймай, сонымен қатар алдыңғы сатылымдар сауда өкілінің келесі сапарына дейін жетуі үшін осындай сатылымдарды ескере отырып, тапсырысқа өнім санын да ұсына алады.

      Міне, бірнеше қарапайым қадамдардың арқасында, сіз қателерді азайту және алынатын ақпараттың сапасын арттыру арқылы сапар туралы толық ақпарат ала аласыз. Бар болғаны Интернетке қосылып, операторға жаңа тапсырысты кеңсеге жіберу ғана қалды.

  • Қызметкерлерді бақылау

      GPS қадағалау технологиясы қызметкерлерді басқару үшін құрал-саймандар жиынтығына берік бекітілді. Әрбір басшы, тиісті бақылау жүргізбеген жағдайда, кеңселердің қабырғалары артындағы жұмыс тек 50%-ға ғана тиімді болатынын біледі. Мұндай жағдайда, қызметкер ештеңеден қорықпай-ақ, жоспарланған кестесін бұза алады, жеке мәселелерін шеше алады немесе компанияға білдірмей қосымша табыс таба алады. Сондықтан орналасу мониторингі жүйесі назардан тыс қалмайды. 

      Smartup Trade ДК-мен бірге әрқашан барлық оқиғалар туралы хабардар болыңыз.

  • Көпвалюталық

      Егер сіз бірнеше валютада мәміле жасасаңыз, көпвалюталық есеп айырысу шотын пайдалануды ұсынамыз. Smartupсіз қолданбасында сізге кәсіпорыныңыздың қолда бар шотына қосымша валюталарды қосуға немесе жаңа есеп айырысу шотын ашуға ыңғайлы болады.  Әртүрлі мақсаттар үшін қаражатты бөлгіңіз келсе, Сіз бірнеше көп валюталы шоттарды аша аласыз.

      Әдепкі түрде Сіздің кәсіпорыныңыздың есеп айырысу шотында бір валюта бар және басқа валютада түсетін қаражат шоттың негізгі валютасына айырбасталады. Мультивалюталық шоттың артықшылықтарын пайдалануды бастау үшін, шотқа қосымша валютаны қосу қажет. Кәсіпорыныңызда көп валюталықты қолданыңыз, ал Smartup сізге көмектеседі.

  • Уақытша аймақ

      Smartup бірыңғай жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру міндеттерін шешеді. Smartup жүйесін құру басқару тиімділігін арттыру жүйесін, нақты уақытта сатылымдар мониторингін қоса алғанда, қауіпсіздік жүйелерін дамытудың заманға сай деңгейіне сай келеді.

      Қай жерде болсаңыз да, кеңседен қай қашықтықта болсаңыз да – сіз барлық өзекті деректер жайында әрқашан хабардар боласыз және кез келген қозғалыстарды "тікелей эфирде" қадағалайсыз. Smartup БК-мен сенімді болыңыз.

  • Есептіліктің кең шоғыры

      Есептілік

      Конфигурация сауда қызметінің ағымдағы қызметін бақылаудың ыңғайлы құралдарын - айналымдар, сұрыпталымның жеткіліктілігін ұсынады, бұл қажетті шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Есептердің іске асырылған жүйесі сауда қызметінің барлық аспектілерін және кәсіпорынның тауар айналымын талдау үшін қуатты және икемді құрал болып табылады.

      Пайдаланушы қоймалық қорлардың, тапсырыстардың, сатулардың, өзара есеп айырысулардың жай-күйі туралы ақпаратты кез келген талдамалы тіліктерде талап етілетін нақтылаумен ала алады. Мысалы, айларға бөлінген номенклатура жайғасымдары мен сатып алушылар бойынша сату туралы деректерді алуға болады.

      Есептер құрастырғышы

      Әрбір пайдаланушы есептердің шектеулі санын жасай алады. Сіз әрбір мән үшін есептерге пайдаланушылардың қолжетімділігін теңшей аласыз. Ыңғайлылық үшін, есепті басты бетте және мәзірде көрсетуге болады. Осының барлығы және басқа да көптеген мүмкіндіктер «Smartup» БК-де әлдеқашан іске асырылған. Бизнесіңізге қажетті және қолайлы есептерді таңдаңыз.