• +99899 8180809
  • +7 701 5268002
  • +99899 8180809
  • +7 701 5268002

Кадрлық менеджмент және HR бойынша бизнесті автоматтандыру үшін шешім іздеп жатқан болсаңыз, онда «Smartup HR» CRM-жүйесі кадрларды оқыту, жалақыны есептеу, сондай-ақ персоналды басқарумен байланысты басқа да міндеттерді орындау мәселелерінде сіздің сенімді көмекшіңіз болады. 
ERP-жүйе: бұл не? 

Smartup HR қолданбасының ERP-жүйесі – бұл сіздің компанияға моральды түрде ескірген қағаздағы құжат айналымынан бас тартуға және кадрларды басқарудың барлық үдерістерін сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін кешенді бағдарламалық шешім.

Бұл БЖ қолдану мыналарды қамтамасыз етеді:
- кадрлармен байланысты компанияның қаржылық шығындарын 50%-ға және одан да көбірек азайту;
- уақытша шығындарды 40%-қа және одан көбірек азайту;
- қызметкерлердің қанағаттануы мен уәждемесінің көрсеткіштерін 50%-ға арттыру.

Функционалды

Біздің ERP-жүйе бизнес-үдерістерді автоматтандырған кезде ұқсас әсерге қол жеткізуге қалай мүмкіндік беретінін білгіңіз келеді ме?

ERP Smartup HR интеграциясы: қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді?

1. Ізденушілер мен қызметкерлерді есепке алу. 
Smartup HR арқылы кәсіпорынның бизнес-үдерістерін автоматтандыру бір базадағы лауазымға қызметкерлер мен үміткерлерді толық есепке алуды жүргізуге мүмкіндік береді. Жұмысшыны бір лауазымнан екіншісіне ауыстырды ма? Жүйе түйіндемені қарастырудан бастап жұмыстан босатуға дейін оның мансап бойынша қозғалуы туралы деректерді бекітеді, сондай-ақ деректердегі дәлсіздіктерді болдырмауға мүмкіндік береді. 

2. Жұмыс графигі және басқару құрылымы.
ERP-жүйе кәсіпорынды басқару құрылымын, сондай-ақ қызметкерлердің әртүрлі топтары үшін табельдік есептер мен жұмыс графиктерін автоматты қалыптастырады. Бұл ретте компания қызметінің ерекшелігі толықтай ескеріледі. Сонымен қатар, CRM мүмкіндіктері қолжетімділікті жедел басқаруды, жұмыс уақыты мен жұмысқа келмеуді автоматты режимде есепке алуға мүмкіндік береді.

3. Қашықтағы режимде әрекеттерді келісу мүмкіндігі.
Әрбір HR-маман өмірде кем дегенде бір рет қызметкерді жалдау, жұмыстан шығару немесе жаңа лауазымға ауыстыру басшылық тарапынан растауды талап ететін жағдайларға тап болатын шығар. Бұл ретте, директор немесе басқа ШҚТ қалада және тіпті елдің өзінде де үнемі бола бермейді. Ақыр соңында, кадрлар бөлімінің мамандары қарапайым операцияларды орындауға көп уақыт жұмсайтын. Мұндай уақыт шығындары орынды ма? Әрине, жоқ.
Бизнес үшін біздің ERP қолданып, компания қызметкерлері арасында өзара әрекеттесудің көп арналы жүйесін ұйымдастыра аласыз және онлайн режимде басшылыққа шешімді жеткізе аласыз. Шешім қабылдайтын тұлғаға жүйеге кіріп, қандай да бір әрекетке арналған келісімін растау жеткілікті. Бұл ретте, ол әлемнің кез келген нүктесінде орналаса алады.

4. Еңбекақыны және алғы төлемді есептеу.
Smartup HR енгізудің арқасында, жалақы мен алғы төлемдерді есептеуге жұмсалатын жұмыс уақытының шығындары да төмендейді. Модульдің қосымша артықшылығы – қолмен басқарылатын режимде осындай операцияларды жүзеге асыру кезінде жиі орын алатын ықтимал қателерді барынша азайту. 

5. Уәждеме және айыппұлдар жүйесін қалыптастыру.
Бірде-бір табысты компания уәждеме жүйесінің дұрыс қалыптастырылмаған жүйесінсіз әрекет ете алмайды. Осыған ұқсас жағдай, кешіккені немесе жұмысты уақытында орындамағаны үшін салынатын айыппұлдармен де байланысты. 
Smartup HR арқасында, уәждеме мен айыппұлдардың барынша айқын жүйесін қалыптастыру және енгізу аз уақытқа созылады. Бұл атқарымды қолдану әрбір бөлек қызметкердің жұмысының өнімділік деңгейін қадағалаумен қатар, көтермелеу төлемдерін жүргізуге немесе автоматты режимде айыппұлдарды ұстап қалуға мүмкіндік береді.

6. Уақыт пен қаражаттың ең аз шығындарымен кадрларды жедел оқыту.
Smartup HR шеңберінде қызметкерлерді оқытуды жоспарлауға, оқыту және біліктілікті арттыру үшін бөлінген уақытты есепке алуға, сондай-ақ тестілеу және аттестаттау жүйесін қалыптастыруға болады.

Smartup HR жұмыс сызбасы
Компания басшысы мен Smartup HR компаниясының HR директорына компанияның барлық құрылымын, қызметкерлермен өзара есеп айырысуды және кадр бөліміндегі ағымдағы жағдайды көруге мүмкіндік береді. HR менеджеріне қызметкерлерді есепке алу, аттестаттау және үміткерлерді іріктеу оңай болады.

ERP Smartup HR теңшелімі: тағы не білген маңызды?

Біз әрбір бизнестің жеке ерекшеліктері бар екенін өте жақсы білеміз. Сондықтан біздің компания сізге автоматтандыру жүйесіне қарағанда көбірек нәрсе ұсынуға дайын. 

Smartup HR мүмкіндіктері барынша икемді болып табылады. Бұл ерекшелік оны кез келген компанияның қажеттіліктеріне – шағын ТЖ-дан ірі корпорацияға дейін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бейімдеу қосымша модульдерді енгізу көмегімен жүргізіледі.

Бағдарламалық кешеннің қосымша артықшылығы енгізу жеделдігі болып табылады. Ол 5-7 күнге созылады және компанияның негізгі қызметін үзу қажеттілігінсіз жүргізіледі. Демек, бізге сенім артып, сіздің компания бұрынғыдай жұмыс істей алады, ал бір аптадан соң - Smartup HR қолданбасымен бірге ашылатын жаңа мүмкіндіктерді қолдануды бастай алады!

Біздің компания қызметінің негізгі бағыты Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда және ТМД барлық аумағында бизнесті автоматтандыру болып табылады. Сәтті енгізілген әзірлеулер арсеналында сауда компаниялары, медициналық мекемелер мен фармацевтикалық кәсіпорындар үшін кешенді шешімдер де табылады.

Біз және біздің өнім туралы көбірек білгіңіз келеді ме? Бізге дәл қазір хабарласыңыз, әйтпесе бәсекелестеріңіз бұны бірінші болып жасайды!